TENBILDOP
ЖаңалықтарЛа ЛигаЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

«Реал Мадрид» жанкүйеріне арнайылап құрмет көрсетті

Мадридтік «Реал» өзінің адал жанкүйері, Мароккодағы жер сілкінісін бастан кешірген Абдеррахим Ухидаға құрмет көрсетті, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

Абдеррахим Ухида — 2023 жылы Мароккода болған сейсмикалық апатты бастан кешкен жігіт. Жойқын апат салдарынан ол ата-анасынан, атасынан және екі бауырынан айырылды.Жер сілкінісінен кейін бірден оны теледидардан «Реалдың» жейдесін киіп, жылап тұрған сәтін көрсеткен болатын.

Клуб бұл оқиғаны байқап, оны Мадридке шақырды, қалаға көшуіне және білім алуына көмектесті, футбол академиясымен келісімшартқа қол қойды. Осы аптада ол командадағы әр ойыншыдан, сондай-ақ президент Флорентино Перестен өз жейдесіне қолтаңба қалдыруды сұрады.

Сондай-ақ, Абдеррахим Ухидаға Ла Лиганың 5-туры аясында өткен «Реал Мадрид» – «Эспаньол» (2:0) кездесуін ашып беру құрметі берілді.

Тағы да оқыңыз