Әке көрген – оқ жонар. Альф Инге Холандтың ұлы Эрлинг үздік сұмергендер рекордын жаңартты, деп хабарлайды Tenbildop.kz.
Эрлинг Холанд АПЛ тарихындағы үздік норвегиялық мергендер тізімінде Оле Гуннар Сульшерді қуып жетті. Екеуінің де еншісінде енді 91 голдан бар. Алайда, Оле Гуннар бұл 91 голды 235 матчта соқса, Холанд дәл осы көрсеткішке жету үшін небәрі 102 ойын өткізді. Яғни, 133 матчқа аз.

Айта кетейік, Холанд кеше 9-шы минутта «Арсеналдың» қақпа торын тулатқан болатын.
