TENBILDOP
Әлем футболыЖаңалықтарЛа ЛигаТрансферЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

«Реал» Винисиус Жуниорды €1 млрд-қа сатуға дайын

Корольдік клуб Виниге байланысты Сауд Арабиясынан келген толассыз ұсыныстарға жауап қатты. Бразилиялықтың құны бір миллиард еуроны құрайды деп мәлімдеді «Реал» басшылығы. Tenbildop.kz сайты вингердің трансфері неге сонша аспандап тұрғанын талдап көрді.

Жыл басынан бері Сауд Арабиясының клубтары «Реал Мадридтің» сол қаптал вингері Винисиус Жуниорға «құда түсіп» жүр. Шейх клубтарының кейбірі ойыншыны қымбатқа сатып алуға дайын екендерін мәлімдеген еді. Defensa Central ақпаратына сүйенсек, мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес трансферлік рекорд орнатуды көздеп отыр. Заманауи футбол бұндай бағаларды көрмеген.

Әлбетте, араб клубтарына мұндай қаржы аса қомақты көрінбесе де, корольдік клубтың тәбетін тойдыруға жеткілікті. Алайда қаржылық фейрплей ережесі бар екенін ұмытуға болмайды.. Егер трансфер қаңтар айында орын алатын болса, бұл футбол әлемінің рекорды болмақ.

Айта кетейік, тарихтағы ең қымбат трансфер — Неймардың «ПСЖ-ға» ауысуы. 2017 жылы «Барселона» €222 млн-ды қалтаға басып еді.

Тағы да оқыңыз