Испан Примерасының 5-турында «Барселона» өз алаңында сенімді жеңіске қол жеткізді! Ханси Флик шәкірттері «Хетафені» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
«Барселона» қарсыласқа мүмкіндік қалдырмады. 15-минутта каталондықтар шабуылға шығып, Ольмоның өкшемен берген пасыннан кейін Ферран Торрес есеп ашты.
35-минутта Рафинья алдағы Торреске пас асырып, оңаша ойқастаған Ферран дубль авторы атанды. Екінші таймда Рэшфордтың сол қапталдан берген нәтижелі пасын Дани Ольмо төменгі бұрышқа бағыттап, жеңісті голды соқты. Испан бұл голды қол сағатын көрсету арқылы тойлады. Бұл — «менің уақытым келді» деген ишарат еді.

Осылайша каталониялық ұжым турнирлік кестеде 13 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Көш басында 15 ұпайы бар Алонсо шәкірттерін өкшелеп келеді. Алдағы аптада «Барселона» Сегундадан келген «Реал Овьедоға» қонаққа барып, өз алаңында сан-себастьяндық «Реал Сосьедатты» қабылдайды. Бұл ойынды барселоналықтар реконструкциядан өткен «Камп Ноу» стадионында өткізуді жоспарлап отыр.
