TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыҰлттық құрамаЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

«Қайрат» ойыншысы Дамир Қасаболат шаңырақ көтерді

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының және алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Дамир Қасаболат үйленді, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

«Қайрат» футболшылары Чемпиондар лигасы мен ҚПЛ-дан бөлек, тойға да уақыт тауып жатыр. Дамирдің шаңырақ көтергені жайлы Қазақстан футбол федерациясының және алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Талабың оң болсын, Дамир!
Ұлттық құрама мен «Қайрат» клубының ойыншысы Дамир Қасаболат шаңырақ көтерді.
Жас жұбайларға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тілейміз. Бірге өткізер әр күндеріңіз қуаныш пен махаббатқа толы болсын! – деп жазылды ресми хабарламада.

2022 жылы Дамир Қасаболат «Қайраттың» негізгі құрамына келді және биылғы маусымнан бастап «сары-қаралардың» негізгі қорғаушысы атанды.

 

Тағы да оқыңыз