Forbes Kazakhstan тізіміне енген кәсіпкер, “Макси чай” өнімінің директоры Тұрсын Алагөзов «Реалға» қарсы ойын алдында «Қайрат» жігіттерін жігерлендірді, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
“10 күннен кейін «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридті» қабылдайтынын білеміз. Өз елімнің патриоты ретінде уәде беремін: егер «Қайрат» жеңіске жетсе, барлық ойыншыларға автокөлік сыйлаймын. “Алматы — столица мира!” «Қайрат» — чемпион!”
Бұл туралы әлеуметтік желіде кәсіпкердің жұбайы Баян Алагөзова мәлімдеді.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясындағы тарихи матч 30 қыркүйек күні Алматының “Орталық” стадионында өтеді.
