УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 1-турында мадриттік «Реал» өз алаңында франциялық «Олимпик Марсельмен» кездесті. Бұл ойында «Реал» шабуылшысы Киллиан Мбаппе рекорд орнатты деп хабарлайды Tenbildop.kz.
Алдымен форвард алғашқы пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді. Ал Киллианның екінші голы бірден үш рекордтың мұртын бұзды. Олардың ең айтулысы – 15 дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы мадриттік «Реалдың» турнирдегі 700-голын Киллиан соғып, рекорд орнатып қана қоймай, индивидуалды нәтижелерін жаңартты.

Кешегі кездесуде Мбаппенің орындаған дублі – «Реал Мадрид» жейдесіндегі 50-голы болды. Бұл голдар қатарында «Барселона» мен «Манчестер Сити» қақпасына соғылған хет-трик те бар. Франциялық шабуылшының барлық голдары орталық форвард позициясында соғылған. Мбаппенің статистикасы көз қуантарлық:
36 кездесу
50 гол
Әр ойында орта есеппен 2,64 гол
Оның 14-і — жеңісті гол ретінде тіркелген

Сондай-ақ, Киллиан Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер көшінде алтыншы сатыға көтеріліп, неміс Томас Мюллермен теңесті (57 гол). Кәрі құрлықтың басты еурокубогында 57 гол соғу үшін «Реал» ойыншысы 88 кездесу өткізген.
