Бүгін Әзірбайжанда үлкен мереке. УЕФА чемпиондар лигасының алғашқы турында Әзірбайжандық «Карабах» кәрі құрлықтың азулы командаларының бірі «Бенфиканы» өз алаңында жеңді. Португалия астанасы Лиссабонның «Эштадиу да Луж» стадионында Әзірбайжандық ұжым сенсация жасады деп хабарлайды Tenbildop.kz
«Бенфика» бірден шабуылға лап қойып, он минуттың ішінде украиналық Георгий Судаков екі нәтижелі пас беріп, Энцо Барренечеа мен Вангелис Павлидис мергендік танытты.
Кавказ бөктерінен келген жігіттердің мәселесі шешілгендей көрініп еді. Алайда кабо-верделік Леандро Андраде интриганы тірілткендей болды. Екінші таймда “Карабах» шабуылшысы Камило Дуран таразы басын теңестіріп, әзірбайжандықтар жеңілуге әзір емес екенін көрсетті. 86-минутта Алексей Кашчук «Карабахтың» сырт алаңдағы үшінші голын соқты. Қосымша 5 минуттан кейін төрешінің ысқырығы және Лиссабонда Ремонтада орын алды. «Карабахтың» сұмдық камбэгі португал жұртын таңдай қақтыртты. Португалияның 36 дүркін чемпиондары әзірбайжандық командаға есе жіберді.
