Жаңа форматтағы Чемпиондар лигасының екінші маусымы қызыққа толы. Негізгі кезеңге өткен 36 командадан бөлек, үш дебютант турнирге ауқымды география сыйлады. «Қайрат» ең шығыста, «Бюде-Глимт» солтүстікте орналасқан командалардың ең тысқарысы болса, «Пафос» — аралда орналасып, негізгі кезеңге шыққан тұңғыш команда атанды. Осыған орай Tenbildop.kz сайты алғашқы турда шеберлік байқасатын командаларды шолып шықты.
Мадридтік «Реал» — турнирдің ең табысты һәм жүлделі клубы екені бетенеден белгілі. «Галактикос» осы сәрсенбіде “Сантьяго Бернабеунің” көк масатысында «Олимпик Марсельді» қабылдайды. Испания астанасында қос команданың қарымын байқап, маусымға деген дайындығы көрініп қалар.
Португалиялық “Бенфика” алғашқы кезеңді өз алаңында өткізеді. Бруну Лажи шәкірттері “Эштадиу да Луж” стадионында Әзірбайжанның «Қарабах» командасымен жолықса, бірінші турдың топ матчы Туринде өтеді. «Ювентус» өз алаңында тәжірибелі «Боруссия Дортмундпен» шеберлік байқасады. Ал былтыр ғана көптен күткен жүлдесін жеңген «Тоттенхэм Хотспур» өз алаңында «Вильярреалдан» ұпай алуға тырысады.
Әдеттегідей, командалар турнирлік кестедегі жоғарғы орындарға таласу үшін барын салмақ. Сондай-ақ плей-офф кезеңіне жолдамалар 1/16 ойындары арқылы да сарапқа салынады.
