TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыТікелей эфирҰлттық құрамаЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

Бүгін Темірлан Анарбековке ота жасалады

«Қайрат» пен Қазақстан Ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің жақ сүйегі сынып кетуіне байланысты, бүгін ота жасалады. Кеше «Ақтөбе» ойыншысы Уче Агбомен болған қақтығыстан кейін қақпашы орнынан тұра алмай, алаңды тастап кетуге мәжбүр болған еді, деп хабарлайды tenbildop.kz тілшісі.

Алматының “Орталық” стадионында барша көрерменнің көзінше Темірланды жедел жәрдем зембілмен алып кетті. Ақ халаттылар бірден ауруханаға апарып, жедел тексерістен өткізген. Дәрігерлер медициналық тексеріс нәтижесінде ота жасалу қажет екенін айтты.

Бір өкініштісі – Анарбековтің толықтай емделуі үшін бір айдан астам уақыт қажет болады. Қақпашы Чемпиондар лигасының алғашқы турларына, атап айтқанда сырт алаңда болатын «Спортингке» қарсы ойынға және Алматыдағы тарихи кездесу – «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына қатыса алмайды.

Тағы да оқыңыз