Испан Примерасының 4-туры аясында «Реал» сырт алаңда 1:2 есебімен «Реал Сосьедадтан» басым түсті. Алайда RMTV бұл матчта төрелік еткен төрешілер бригадасын қатты сынға алды, деп хабарлайды tenbildop.kz тілшісі.
«Бұл турнир үшін ұят нәрсе. Бұндай төрешілер «Реал Мадридтің» ойындарында төрелік етпеуі керек. Ондайларды төреші деп атаудың өзі қате», – деп пікір білдірді телеарна басшылығы.
Кешегі ойында “галактикос” жеңіске жеткенімен, 2-минутта Гюлердің голын есепке алмады. Сондай-ақ мадриттіктердің қорғаушысы Дин Хейсен қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Екінші таймда Куртуаның қақпасына айып добы белгіленіп, сан-себастьяндықтар пенальтиде мүмкіндігін мүлт жібермеді. Осыған байланысты корольдік ұжым испаниялық төрешілерге байланысты ФИФА-ға шағым түсірмекші.
