TENBILDOP
Әлем футболыЖаңалықтарЭксклюзив

Стадионға Вирджил Ван Дейктің есімі берілді

Нидерланд футболының аңыз ойыншысы, «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил Ван Дейкке оның академиясы ерекше құрмет көрсетті. Ойыншының туған клубы «Виллем II» стадиондағы шығыс трибунаға футболшының есімін берді, деп хабарлайды Tenbildop.kz басылымы.

Голландияның  Тилбург қаласында орналасқан стадионның бір бөлігі енді «Ван Дейк»  деп аталады. Қорғаушы дәл осы жерде алғаш рет көк масатымен танысып, алғашқы жүлделеріне қол жеткізген болатын.

«Виллем II» клубының басшылығы:

«Вирджил Ван Дейк секілді мықты қорғаушыны тәрбиелеп шығару — біздің клуб үшін үлкен мақтаныш», — деп мәлімдеді.

 

Тағы да оқыңыз