TENBILDOP
Әлем футболыЖаңалықтарЛа ЛигаТікелей эфирЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

Алматыға «Реал Мадрид» негізгі құрамын алып келеді

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Хаби Алонсо шәкірттері 30 қыркүйек күні Алатау бөктеріне келеді. Одан бұрын, күнтізбесі тығыз «галактикос» Ла Лига аясындағы аса маңызды матч — мадридтік дерби, яғни «Атлетикоға» қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

Корольдік ұжымның шабуылшысы Килиан Мбаппе француздық басылымдарға берген сұхбатында:

«Биылғы жылы алдымызда қайтсек те Чемпиондар лигасын жеңу керек деген тапсырма тұр. Өткен маусымда біз көп нәрсе үйрендік. Жаңа маусымда қателіктерден сабақ аламыз. Чемпиондар лигасының жеңімпазы кім болады деген болжамға мен әрқашан «Реалды» айтамын. Еуропада мықты командалар көп, біз оны өткен жылы жаңа форматтан көрдік. Қазір осал команда деген ұғым жоқ. Чемпиондар лигасының әр ойыны аса маңызды».

Француздың бұл сөздерінен-ақ «Реал Мадридтің» кез келген қарсыласқа тең дәрежеде қарайтыны көрініп тұр.

Команданың бас бапкері Хаби Алонсо да бір апта бұрын берген сұхбатында:

«Чемпиондар лигасы үшін барымызды саламыз. Қандай қарсыласқа да тыңғылықты дайындаламыз. Біз үшін әр ұпай маңызды», — деген еді.

Еске салайық, «Реал Мадридтің» Алматыға келуі — тарихи оқиға. Ойынға билеттерге сұраныс артқан жағдайда клуб пен ұйымдастырушылар қосымша шаралар қабылдауы мүмкін.

Тағы да оқыңыз