Португалия ұлттық құрамасының және саудиялық «Әл-Хилаль» клубының жартылай қорғаушысы Рубен Невеш сол жақ аяғына Диего Жота мен өзі бейнеленген тату салдырды. Бұл сурет — Невештің Жотаға соңғы рет ассист жасаған сәтінен алынған.
Айта кетейік, португалиялық танымал ойыншы Диего Жота 3 шілде күні жол апатынан қаза тапқан. Сондай-ақ, Диегомен бірге көлікте оның інісі Андре Сильва да болған.
Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес 21-нөмірлі жейдені Жотаның жақын досы Рубен Невешке тапсырды.
6 қыркүйек күні Армения астанасы Ереванда өткен Армения – Португалия кездесуінде де Жота бір минут үнсіздікпен еске алынды. Ал осы ойында гол соққан қорғаушы Жоау Канселу өз голын Диегоның қуану стилінде атап өтті.
