Анарбеков, қарапайым атыраулық жігіттен Чемпиондар лигасының жұлдызына дейін. Кешегі күннің қаһарманы Темірлан Анарбековтің футбол жолы қандай?
Темірлан — футболдағы кәсіби мансабын 2017 жылы «Атыраудың» академиясында бастаған. “Мұнайшылар” сапында екі жыл тәлім алып, 2019 жылы Алматылық скауттардың назарына ілігіп «Қайрат» клубына ауысады. 2020 жылы «Қайраттың» негізгі құрамына келгенімен, «Қайрат-Жастар» командасында 3 жыл өнер көрсетті. 2024 жылы елордалық «Жеңісте» жалға ойнап келді.
Анарбеков өзінің қандай қақпашы екенін түнде «Селтикке» қарсы қарымта ойында көрсетті. Глазгода Александр Заруцкий тізесін жарақаттап алып, Алматдағы ойынның негізгі қақпашысы Темірлан болды.
“Қайрат қақпашысы «Селтикке» қарсы қарымта ойында, талай қауіпті соққылар мен шабуылдардың бетін қайтарып, 120 минут бойы қақпасын құрғақ ұстады. Пенальтилер сериясында Анарбеков шотландиялықьардың 3 соққысын қайтарып, «Қайратты» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне алып шықты. Бір түн ішінде қақпашы күллі қазаққа таңылып, Инстаграм әлеуметтік желісіндегі оқырмандар саны 3 мыңнан 140 мыңға өсті.
«Темірланның үй жағына жаңа асфальт» — дәл осылай әлеуметтік желідегі жанкүйерлер қалжындап, қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековті көкке көтерді. Тіпті қақпашының Instagram парақшасындағы оқырмандар саны бір түнде 3 мыңнан 80 мың оқырманға дейін артты. Алматының «Орталық» стадионында болған кездесуде Анарбеков 120 минут бойы қақпасын құрғақ ұстады. Негізгі уақытта бес сейв жасап, пенальтилер сериясында үш допты тосып алды. Тіпті «Селтиктің» ең қымбат ойыншысы Дайзен Маеда да Анарбеков қақпасынан саңлау таба алмады. Нәтижесінде 3:2, стадионға жиналған 23 мың жанкүйердің қуанышында шек жоқ!
