TENBILDOP
Әлем ЧемпионатыЖаңалықтарҰлттық құрама

Ұлттық құраманың нақты тізімі

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»).

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»).

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.

Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйек күні елордада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Қос ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Тағы да оқыңыз