TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер Лигасы

Тобыл ҚПЛ-да көш бастады

Ел чемпионатының 22-тур ойындары жалғасуда. Қостанайлықтар 20 ойыннан кейін 44 ұпай жинап, «Астана» мен «Қайратты» басып озды.

Чемпионаттағы кейбір клубтар әлі 19-тур ойындарын ойнаған жоқ. «Астана» осы бейсенбіде «Қайсарды» қабылдайды. Ал «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы «Селтикпен» болатын ойыннан кейін Көкшетауға қонаққа барады. Сондықтан “комбайншылар” турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады және осы қарқынды сақтап қалады деп айтуға әлі ерте.

Жұмасқалиев шәкірттерінің алға шығуына астаналық дербиде «Жеңістің» «Астанадан» басым түсуі мен «Қайраттың» «Елімайға» ұтылып қалуы да өз әсерін тигізді. Алматылықтар бар күшін еурокубок ойындарына жұмсауы орынды, және командада ратацияның жоқтығынан Карпович шәкірттерінен айласын асыра алмады.

Ертең «Қайрат» «Орталық» стадионда шотландиялық «Селтикке» қарсы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчын өткізеді.

Тағы да оқыңыз