«Қайрат» Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі шешуші ойынына дайын. Команда ойыншылары мен бапкерлік құрам өз алаңында өтетін қарымта кездесудің маңыздылығын жақсы түсініп отыр. Айта кетейік ертең алматылықтар УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында шотландиялық «Селтикке» қарсы қарымта кездесу өткізеді.
Ертеңгі ойын туралы Рафаэль Уразбахтин:
«Бұл – біздің еліміз үшін үлкен мереке. Өзіміз де бұл күнді асыға күттік. Ертең тек жанкүйерлер үшін ойнайтын боламыз. Қаншалықты маңызды екенін және қандай жауапкершілік тұрғанын жақсы түсінеміз. Өткен ойында Заруцкий жарақат алғанын білесіздер, дәрігерлер толыққанды емделуі үшін бір ай уақыт қажет екенін айтты. Ал Еркін Тапалов – еурокубоктың барлық ойынында тамаша өнер көрсетті. Ол негізгі құрамда жүрсе – яғни соған лайық деген сөз. Мен оның соңғы екі ойынында ғана ғаламат ойнады дегенге келіспеймін – ол қашан да үздік.»

«Қайраттың» бас бапкері «Селтик» енді басқа деңгейде ойнайтынын атап өтті:
«Селтик» бірінші матчта «Қайратты» дұрыс бағаламады. Енді қарымта ойында бөлек деңгейін көрсетеді. Соған дайын болуымыз керек
Сондай-ақ ойыннан тыс қалған Дастан Сәтпаевтың жағдайы туралы да бапкер ашық пікір білдірді:
«Дастан қатты қиналды, оның ойынға қатыса алмайтыны, әрине, өкінішті. Екі күн ешкіммен сөйлеспей, оқшауланып қалды. Өткен істі өзгерте алмаймыз. Содан сабақ алып, әрі қарай шыңдала түсуіміз керек»
Қайрат ойыншысы Әділет Садыбеков ойынға дайын екенін айтып өз ойымен бөлісті:

“Чемпиондар лигасының гимні – ол бала кезден бергі үлкен армандарымның бірі. Бұл тек менің ғана емес, кез келген кәсіби футболшы үшін үлкен жетістік. Ертеңгі ойынға келер болсақ, ешқандай уайым жоқ. Біз өз алаңымызда, өз жанкүйерлеріміздің алдында ойнағалы жатырмыз. Бір ғана мақсат бар – УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсету.”
