TENBILDOP
ЖаңалықтарЛа Лига

«Реал» Сегундадан келген «Овьедоны» қарсылас көрмеді

Ла Лиганың 2-туры аясында “Нуэво Карлос Тартьер” стадионында «Реал Овьедо» мен Мадридтің «Реалы» кездесіп , “галактикос” 0:3 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 37-минутында Арда Гюлердің пасын сәтті қабылдаған Килиан Мбаппе есеп ашты. 83-минутта Килиан тағыда төменгі бұрышты көздеп дубль авторы атанса, 90+3-минутта Браим Диастың пасын бразиялық Винисиус Жуниор төменгі бұрышқа аттандырып, үшінші голды соқты.

Айта кетейік, Испания чемпионатының 1-турында «Овьедо» өз алаңында «Вильярреалға» 0:2 есебімен тізе бүккен еді. Ал “королдік клуб” «Осасунаны» 1:0 есебімен жеңіп, жаңа маусымды жеңіспен бастады.

 

Тағы да оқыңыз