TENBILDOP
АПЛЖаңалықтар

Рубен Аморим: «Манчестер Юнайтед» қалай ойнау керегін ұмытып қалды

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим Смит Роудың голынан кейін командасының өсуі керек екенін айтты. АПЛ-дың 2-туры аясында «Фулхэммен» 1:1 есебімен тең ойнаған “қызыл сойқандар” екінші таймда Родриго Муниздің автоголының арқасында алға шыққанымен, басымдықты сақтай алмады.

«Біз гол соққан соң, қалай ойнау керегін ұмытып қалдық», – деді Аморим.

Матчтың бірінші таймында Бруну Фернандеш пенальтиден мүлт кетті — доп қақпаның үстінен ұшты. Бұл оның әдеттегі суыққанды орындау мәнеріне сай келмеді. Ал Фернандештің өзі бұл жағдайға төреші Крис Каванагтың тікелей қатысы бар екенін айтты:

«Мен ашуландым. Әр пенальти орындаушының өз әдісі бар. Ал төреші соққы алдында мені итеріп кетті. Ол кешірім де сұрамады. Дәл сол сәтте осы жайт мені ашуландырды. Бірақ бұл – пенальти соқпағаныма сылтау емес. Мен допты өте төменнен тептім, сол себепті ол биік ұшты», – деді жартылай қорғаушы.

Матч басында «Юнайтед» шабуылда белсенді болғанымен, уақыт өте қарқынын жоғалта бастады.

Аморим алғашқы минуттан-ақ негізгі қақпашы Андре Онанаға емес, түркиялық Алтай Байындырға сенім артты. Бұл шешім жанкүйерлер арасында Онана бапкер сенімінен айырылды деген пікірлер тудырды. Айта кетейік, жақында ғана «Олд Траффордқа» тағы бір жас қақпашы – Сенне Ламенс қосылды.

Тағы да оқыңыз