TENBILDOP
АПЛӘлем футболыЖаңалықтарЛа ЛигаЧемпиондар Лигасы

Футбол аңыздарының сәтсіз күндері

Әлеуметтік желіде мына суретті көрген боларсыз.

Бұл — осы аптада «Васко да Гамаға» 0:6 есебімен жеңілгеннен кейінгі Неймардың эмоциясы. Төрешінің ысқырығынан кейін көз жасына ерік берген Ней үшін бұл «Сантос» жейдесіндегі 250-ші ойын болды. Сондай-ақ, бұл — бразилиялық шабуылшының мансабындағы ең ауыр жеңілістердің бірі.

Басқа да футбол аңыздарының сәтсіз күндері есіңізде ме?

Пеле мұндай масқара есеппен ешқашан жеңілмеген. Алайда футбол королінің мансабында бірнеше сәтсіз ойындар болды. 1965 жылы Паулиста кубогында «Палмейрасқа» 5:0 есебімен жеңілгенін атап өтуге болады.

Марадона да мұндайды бастан өткерген. 1993 жылы «Севильямен» бірге «Сантьяго Бернабеуге» келген аргентиналық аңыз «Реал Мадридтің» жауапсыз 5 голына кәу болды.

Ал 2006 жылы құрамында Роналдо, Робиньо, Бекхэм, Зидан сынды жұлдыздары бар «галактикосты» басқа басқа емес «Реал Сарагоса» 6:1 есебімен тас талқан қылып ұтты.

Криштиану Роналдудың да сәтсіз күндері аз емес. Солардың бірі 2010 жылы «Камп Ноуда» «Барселонадан» 5:0 есебімен жеңілгені болса, екіншісі «Олд Траффордқа» оралғаннан кейін «Ливерпульден» тағыда 5:0 есебімен жеңілгені бар.

Лионель Мессидің де өкінетін ойындары көп. Чемпиондар лигасында «Бавариядан» 2:8 есебімен масқара жеңіліп, мансабындағы ең ауыр кезеңді бастан кешті. Ал 2009 жылы Аргентина құрамасы Диего Марадонаның басшылығымен Боливияға барып,  қонақта 1:6 есебімен ұтылған еді.

 

Тағы да оқыңыз