«Бернли» қақпасына қос гол соғып, дубль авторы атанған бразилиялық шабуылшы Ағылшын Премьер-лигасы 1-турының үздік ойыншысы болып танылды.
Сондай-ақ, 1-турдың үздік голының авторы атағы да Ришарлисонға бұйырды. 28 жастағы ойыншы өткен маусымда АПЛ-де небәрі 4 гол соғып, бір ғана нәтижелі пас берген еді. Ал биылғы маусымды бірден қос голмен бастады.
