TENBILDOP
А-СериясыАПЛЖаңалықтар

«Рома» Санчо үшін агенттерге 11 млн еуро төлеуден бас тартты

Италиялық «Рома» мен ағылшындық «Манчестер Юнайтед» арасында шабуылшы Джейдон Санчоның трансферіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды.

Клубтар арасындағы келіссөздер нәтижесінде трансферлік төлем 23 миллион еуро көлеміндегі сомаға жасалған. Алайда оның аяқталуына футболшы агенттерінің 11 миллион еуро комиссия талап етуі кедергі болып отыр.

Римдік клуб басшылығы мұндай қосымша шығын туралы нақты шешім қабылдамаған. Соған қарамастан, «қасқырлардың» бас бапкері Джан Пьеро Гасперини Санчоның командаға қосылуына мүдделі екенін жасырмай отыр. Римдіктер Джейдон Санчоға маусым үшін 7,8 млн еуро төлеуге дайын. Англия ұлттық құрамасының ойыншысы соңғы маусымда «МЮ» сапында негізгі құрамға іліне алмай келеді.

Тағы да оқыңыз