TENBILDOP
АПЛӘлем футболыЖаңалықтар

«Арсенал» жаңа шабуылшы іздеуі мүмкін

Кай Хаверц тізесінен жарақат алып, ұзақ уақыт қатардан шығып қалды. Клуб қазіргі уақытта немістің жағдайына алаңдаулы. Егер жарақаты ауыр болып шықса, Микель Артета қосымша шабуылшыны қатарға қосуды қарастыруы мүмкін.

Жексенбі күні «Манчестер Юнайтедке» қарсы «Олд Траффордта» өткен ойында Хаверц алаңға екінші таймда шыққан болатын. Алайда сәрсенбі күні «Эмирейтс» стадионында өткен ашық жаттығуға қатыспады. 26 жастағы футболшы дәл сол ойында жарақат алғаны белгілі болды. Бастапқы болжам бойынша жарақат аса ауыр емес, дегенмен клуб оның ұзақ мерзімге алаңнан тыс қалуынан қауіптеніп отыр.

Құрамда тек бір негізгі шабуылшы қалды

Егер Хавертц шынымен ұзақ уақытқа қатардан шықса, онда Артетаның қолында тек жазда алынған Виктор Дьёкереш қана негізгі шабуылшы ретінде қалады. Габриэл Жезусте тізе жарақатына байланысты әлі де емделу үстінде және жақын арада алаңға оралмайды.

Зеңбірекшілер бұған дейін «Кристал Пэлас» ойыншысы Эберечи Эзенің трансферіне қызығушылық танытқан болатын. Алайда ағылшын ойыншысы қазір «Тоттенхэмге» жақын және бастапқыда ол сол қапталда немесе шабуылдаушы жартылай қорғаушы ретінде қарастырылған еді.

Арсенал тағы бір шабуылшыны қосуы мүмкін бе?

«Арсенал» бұл жазда алты жаңа ойыншыға шамамен £200 млн жұмсады. Сондықтан клуб Хаверцтің жағдайына байланысты тағы бір шабуылшыны алу туралы шешімді жарақаттың нақты ұзақтығына қарай қабылдайды. Өткен маусымда Хаверц ақпан айында жамбас жарақатын алып, 18 ойынға қатыса алмады. Сол кезде оның орнына Микель Мерино ойнап, мамыр айына дейін 7 гол соқты.

«Олар бірге ойнай алады», – деді Артета Хаверц пен Дьёкереш туралы.
«Кай бірнеше позицияда ойнай алады. Бұл команданың сапасын арттырады, гол соғу қаупін көбейтеді және қарсыластарға бас қатыратын түрлі тактикалық нұсқалар береді».

Артық ойыншылар сатылуы мүмкін

Сонымен қатар, «Арсенал» жазғы трансферлік терезес жабылғанға дейін құрамдағы артық ойыншылардан құтылуды жоспарлап отыр. Якуб Кивиор мен Александр Зинченкоға португалиялық «Порту» қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, поляк қорғаушысына Италия клубтары да көз тікті.

Тағы да оқыңыз