TENBILDOP
Әлем футболыЖаңалықтарМЛС

Месси МЛС тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті

38 жастағы аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубында өнер көрсетіп жүріп, Major League Soccer (MLS) тарихында бұрын-соңды болмаған ерекше рекорд орнатты. Бұл туралы МЛС-тің баспасөз қызметі хабарлады.

Месси лига тарихында қатарынан бес ойында екі немесе одан да көп гол соққан тұңғыш футболшы атанды. Бұған дейін ешбір ойыншы мұндай нәтижеге жете алмаған. Айта кетсек, төрт ойын қатарынан осындай көрсеткіш көрсеткен алғашқы футболшы да — дәл осы Месси еді.

Аргентиналық шабуылшы соңғы бес матчта мынадай нәтижелерге қол жеткізді:

  • «Клёб де Фут Монреаль» командасына қарсы — 2 гол, 1 ассист (4:1);

  • «Коламбус Крю» — 2 гол (5:1);

  • Қайтадан «Монреаль» командасына қарсы — 2 гол, 1 ассист (4:2);

  • «Нью-Инглэнд Революшн» — 2 гол;

  • «Нэшвилл» — 2 гол (2:1).

Осылайша, Лионель Месси 2025 жылдың 25 мамырынан бері өткен бес матчта 10 гол және 7 нәтижелі пас беріп, МЛС-те ерекше статистикамен көзге түсіп отыр.

Тағы да оқыңыз