Корольдік ұжымның бас бапкері Хаби Алонсо «ПСЖ» мен болған ойыннан кейін жеке пікірін білдірді:
Бізге бәрін талдап, көп нәрсе үйрену керек. Енді біз қай деңгейде екенімізді білеміз және қандай мақсатқа жеткіміз келетінін түсінеміз. «ПСЖ» — екі жыл бойы жасақталған керемет команда, ал біз өз жолымызды енді ғана бастадық. Бүгін бізге қиын болды. Қарсылас көптеген қиындықтар тудырды, біз жақсырақ ойнауымыз керек еді. Дегенмен, кейбір оң сәттерді көрдік және болашақта бұл бізге пайдасын тигізеді.
Айта кетейік, клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында корольдік ұжым «ПСЖ»-ға 4:0 есебімен есе жіберген болатын.
