«Атлетикоға» атпалдай 10 жылын арнаған Анхель Корреа ендігі кәсіби мансабын мексикалық «Тигрес» сапында жалғастыратын болды.
30 жастағы аргентиналық футболшыға 3 жылдық келісім-шарт ұсынды. Оның үстіне қосымша бонустар мен қатар, тағы бір жылға ұзарту шарты қоса қарастырылды.
Анхель Корреа өзінің әлеуметтік желісінде «Атлетико» жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, қоштасу жазбасын қалдырды.
Корреа мадридтік ұжым сапына 2015 жылдың қаңтарында қосылған еді. Содан бері он жыл ішінде: 469 ойынға қатысып, 88 гол, 65 ассист жасады.
