Немістің әйгілі спорттық бренді Adidas АҚШ-та өтіп жатқан 2025 жылғы футболдан клубтық әлем чемпионатының жартылай финал және финалдық матчтарына арналған жаңа ресми добын таныстырды.
Компанияның әлеуметтік желідегі (бұрынғы Twitter, қазір X) парақшасында былай делінген:
«Қаланың шамдары астындағы даңқ. 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатының финалдық матчтарына арналған ресми допты таныстырамыз».
Турнирдің бірінші жартылай финалында Бразилиялық «Флуминенсе» мен Лондондық «Челси» кездеседі. Ал екінші жартылай финалда Мадридтік «Реал» мен Франциялық «Пари Сен-Жермен» алаңға шығады.
Финалдық матч 13 шілдеде өтеді. Барлық үш ойынның басталуы Астана уақытымен 00:00-де жоспарланған. Бұл ойынның барлығын Tenbildop телеграм арнасынан тамашалай аласыздар!.
