TENBILDOP
ЖаңалықтарҰлттық құрама

Стюарт Холл Қазақстандағы жұмысын аяқтады

Ұлыбританиялық тәжірибелі маман 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының FIFA техникалық кеңесшісі қызметін мүлтіксіз атқарып, мансабында жоғарлады. Енді Стюарт Холл FIFA-ның ең беделді 10 қызметкерінің қатарына қосылып отыр. Алдағы уақытта Шығыс Азия қауымдастығының балалар мен жасөспірімдер футболына тікелей жауапты тұлға ретінде жұмысын бастамақ.

Жалпы Старт Холл келгелі Қазақстан U-15 құрамасы бұрын соңды болмаған тарихи нәтижелерге қол жеткізді. Жолдастық кездесулерді былай қойғанда, бірнеше халықаралық турнирлерде жарқын жеңістерге жете білді.

Сондай-ақ, еліміздегі балалар футболының даму стратегиясын мықтап қолға алған QJ League турнирінде «ҚФФ Академиясы» командасының бас бапкері қызметінде болды. Ұлыбританиялық маманның кәсіби шеберлігінің арқасында командасы көш басынан түскен емес.

Стюарт Холлдың бас бапкер ретіндегі соңғы ойыны 3 шілде күні «Қызылжарға» қарсы өтті. Ол кездесуде «ҚФФ Академиясы» өз алаңында 1:1 есебімен тең ойнады.

Бапкерді командадағы шәкірттері мен қызметкерлер Алматының халықаралық әуежайынан қимастықпен шығарып салды. Алдағы уақытта тәжірибелі маман елімізге тағы да ат басын бұра ма, ол жағы белгісіз.

Тағы да оқыңыз