Уефа Еуропа лигасының алғашқы іріктеу раунды аясында «Ақтөбе» польшалық «Легиямен» жолы түйіскен еді. Команда бүгін Астана қаласынан Варшаваға жолға шыққан. Алайда “ақ-қызылдардың” шабуылшысы Даниель Сосаға шенген визасы берілмей, елде қалуға мәжбүр болды.
Нигериялық футболшыға не үшін виза беруден бас тартты?
Негізгі үш себебі:
Бірінші себеп: Қазір Польша мемлекеті визаға қойылатын талаптарды үш есеге көбейткен. Жұмыс, спорттық виза былай тұрсын, жоғарғы оқу орындарына баратын студенттер үшін де тексеріс күшейді. Нигериялық студенттерге де, туристерге де сол талап. Себебі: Африкалық аймақтан келген азаматтардың елде мигрант болып қалуы жиілегін.
Екінші себеп: Польшада “қақпақты” виза саясаты қатты белең алды. Әсіресе Нигериялық азаматтарға жоғарғы оқу орындардың дипломы талап етіледі. Егер ғұмырнамасында жоғарғы білімі бар анықтама немесе диплом болмаса бірден бас тартады.
Үшінші себеп: Нигерия азаматтарының басым көпшілігінде тұрақты мекен-жай анықтамасы жоқ. Онымен қоса Нигерия кейбір әлеуметтік-экономикалық себебінен «қорқытатын» ел деп қаралған.
«Ақтөбе» футболшысында туындаған визалық мәселенің негізгі себептері осы болуы мүмкін. Дегенмен футболдық саясат деген дүние де бар.
