TENBILDOP
ЖаңалықтарЛа Лига

Мбаппе арызын қайтып алды

«Реал Мадридтің» шабуылшысы Килиан Мбаппе бұрынғы клубы «Пари Сен-Жерменге» (ПСЖ) қарсы моральдық қысым көрсету бойынша түсірген сот талабын қайтарып алды. Бұл туралы La Gazzetta dello Sport хабарлады.

2025 жылдың 16 мамырында француз футболшысы «ПСЖ»-ны сотқа беріп, іс осы уақытқа дейін жалғасқан болатын. Алайда енді Мбаппе моральдық қысым туралы істі тоқтатып, тек 55 миллион еуро көлеміндегі жалақы мен бонустарды өндіру ісіне ғана назар аудармақ.

Еске сала кетейік, алдағы сәрсенбі, 9 шілде күні «Реал» мен «ПСЖ» Клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында кездеседі.

Тағы да оқыңыз