TENBILDOP
А-СериясыЛа Лига

«Барселона» жаңа қорғаушы тапты

Каталониялық ұжым қорғанысын нығайтуға көшкен сыңайлы. Тіпті трансферлік қаржының басын көпшілігін шабуылға емес, қорғанысқа жұмсамақшы.

Қазіргі таңда «Барселона» үшін ең оңтайлы трансфердің бірі – Дензел Дюмфрис болып тұр. Төрт жылдан бері «Интердің» маңызға ие негізгі ойыншыларының бірі болып келген нидерландылықты 25 миллион еуроға көндіріп отыр.

Трансфер жақын күндері орын алып қалуы бек мүмкін. Дегенмен каталониялық ұжым бір қорғаушысын немесе жартылай қорғаушысын босатуға тура келеді. Ал Ла Лиганың басталуына бір айға жуық уақыт қана қалды. Әзірге клубтан кететін ойыншылардың тізіме жарық көрген жоқ.

Дюмфрис өткен маусымда «Интер» үшін 47 ойынға қатысып, 11 мәрте мергендігімен көзге түскен.

Тағы да оқыңыз