TENBILDOP
Қазақстан Премьер Лигасы

ҚПЛ 15-Турдан кейінгі сұрмергендер кімдер?

Футболдан ел чемпионатының 15-Туры өз мәресіне жетті. Осы орайда бірнеше жаңа есімдер мен статистикалар жаңарып үлгерді.

Көш басында «Қайраттың» жас таланты Дастан Сәтпаев. Алғашқы турдан бастап гол соғып көзге түскен футболшының еншісінде: 8 гол және 4 нәтижелі пас бар.

Екінші орында «Астананың» жартылай қорғаушысы Назми Грипши. Албаниялық легионер 15 ойында 8 гол, 1 ассист жасаған.

Үздік үштікті тағы бір «астаналық» Марин Томасов түйіндеп тұр. Қазақстан премьер-лигасының үздігі саналып келген Томасовтың 7 гол, 9 нәтижелі пас беруі үшін 15 ойын қажет болды.

Сондай-ақ Дәурен Жұмат (Оқжетпес) пен Ислам Чесноков (Тобыл) 7 голдан соғып Томасовты өкшелеп келе жатыр.

Тағы да оқыңыз