TENBILDOP
Қазақстан Премьер ЛигасыЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

«Олимпия» бас бапкері Дастан Сәтпаевты ерекше атап өтті

Словениялық «Олимпияның» бас бапкері Жорже Симау Уефа Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу матчында «Қайратқа» қарсы кездесуге жеке пікірін білдірді.

Қарсыласмыз дәл қазір керемет формада келе жатыр. Ішкі чемпионаттағы жағдайы Еурокубоктық ойындарға да оң әсерін берері сөзсіз. Олардың ойынын толық бақылауға мүмкіндігіміз болды. Ал қарсыласқа қазіргі жағдайымыз беймәлім екені түсінікті. Әсіресе жас таланты Дастан Сәтпаевты ерекше атап өткім келеді. Лондондық «Челсидың» келісімге келуі біраз дүниені аңғартады. Ал жалпы «Қайраттың» стильі – шабуыл. Сондықтан да біз барлық жағдайға жіті дайынбыз дегім келеді.

Айта кетейік. «Олимпия» «Қайрат» ойыны 8 тамыз күні Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ол ойынды Tenbildop телеграм арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Тағы да оқыңыз