Бұған басты себептердің бірі: «Аданадемирспордың» бірінші лигаға құлдырауы болып тұр!
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов «Аданадемирспормен» қош айтысып, мансабын тағы бір түркиялық ұжымда жалғастырмақшы. Әзірге футболшы мен агенті бұл ақпаратты құпия ұстап отыр. Дегенмен, Айымбетов суперлиганың ортаңқол ұжымдарының бірімен жақын күндері келісім-шарт жасасып, екі жылдық келісімге келмекші.
Айта кетейік, Абат Айымбетов «Аданадемирспор» жейдесінде 36 ойынға қатысып, 6 мәрте мергендік танытқан.
