Қазақстан премьер-лигасының 15-турында елордалық «Жеңіс» өз алаңында «Ұлытауды» қабылдап, үш ұпайға қол жеткізді. Төреші ысқырығы естілісімен шабуылға лап берген алаң иелері бірнеше қауіпті сәттер жасап үлгерді. Ал алма кезек допқа талас барысында жезқазғандық ұжымның тәжірибелі қорғаушысы Сергей Кейлер қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Осылайша он ойнышымен қалған «Ұлытау» ойынның екінші жартысын толықтай қорғаныста өткізуге мәжбүр болды. Алаң иелерінің қарша бораған шабуылы кезінде Демият Сламбеков өз қақпасына автогол соғып, командасын қиын жағдайға қалдырды. Ал ойын нүктесін «Жеңістің» жаңа легионері Руи Баталья қойды. Қорытынды есеп: 2:0 Демченко шәкірттері кезекті жеңісіне қол жеткізді.
