Томас Парти Лондонның «Арсенал» клубынан кетеді, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты.
ESPN мәліметінше, клуб пен жартылай қорғаушы арасындағы жаңа келісімшарт жөніндегі келіссөздер сәтсіз аяқталған. Қазіргі келісім маусым айының соңында аяқталады және ұзартылмайды деп күтілуде.
32 жастағы ганалық ойыншыға Түркия клубтары қызығушылық танытып отыр.
Парти «Арсенал» сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол 167 матчқа қатысып, 9 гол соқты.
