TENBILDOP
Әлем футболыЖаңалықтарРПЛ

Карпин Ресей футболында боқтық сөздерге тыйым салуға қарсы: «Мүлде боқтамай футбол ойнауға бола ма өзі? Егер тыйым салынса, ешкім футбол ойнамай қояды»

Getty Images

Валерий Карпин футболда бейәдеп сөздерге тыйым салу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты.

«[Егер боғауыз сөз айтуға тыйым салса], ешкім футбол ойнамай қояды. Жалпы, футболды боқтамай ойнау мүмкін емес қой.

Кейде төрешіге боқтап жібергің келеді, бірақ өзіңді тоқтатасың, себебі карточка алуың мүмкін.

Өзім де кейде ойлаймын — трансляция кезінде боқтық кетіп қалса, сәл сабырлырақ болу керек еді деп. Бірақ ол сәтте өзіңді бақылау қиын», – деді Ресей құрамасы мен «Динамо» клубының бас бапкері.

Тағы да оқыңыз