Арменияның Гюмри қаласында өткен халықаралық жарыста Қазақстанның журналистер құрамасы күміс жүлдегер атанды. Додаға үздік деген сегіз елдің құрамалары қатысты. Айналмалы жүйеде өткен жарыста команда жеті ойын ойнады. Алты жеңіс, бір тең және бір жеңіліс. Нәтижесінде күміс бұйырды.
Команданың жетекшісі Нұрсұлтан Құрман халықаралық турнир жайлы жеке пікірін білдірді:
“Біз үшін бұл жаңа формат болды. Табиғи төсеніш және 6+1, қақпа үлкен футболдағыдай! Жасанды төсеніште 5+1 форматында ойнап үйренген біздерге сәл қиындау болды. Абырой ортақ! Жеңіс құтты болсын!”.
Құрамада:
- Нұрсултан Құрман (ҚФФ кеңесшісі)
- Айбек Қабылша (Sport+ Qazaqstan)
- Әділбек Жақанов («Qazaqstan» ұлттық арнасы)
- Жандос Манашев («Еуразия» арнасы)
- Мәди Жүраев (Sport+ Qazaqstan)
- Дастан Заманбеков («Хабар» агенттігі)
- Сергей Надточей (Livestream продакшн)
- Нұрбол Тұрсынбаев («Қазмедиа» орталығы)
- Елдос Манас («Қазмедиа» орталығы)
- Елдос Әмірхан (ҚФФ баспасөз хатшысы)
Ойындар нәтижесі:
- Қазақстан 5:0 Израиль
- Қазақстан 3:2 Венгрия
- Қазақстан 10:3 Грузия
- Қазақстан 4:1 Румыния
- Қазақстан 3:3 Гюмри
- Қазақстан 2:3 Молдова
- Қазақстан 7:1 Армения
