TENBILDOP
Әлем футболыРПЛ

Әуежайда құрықталды!

Бразилиялық футболшы Жо Сан-Паулу Гуарульюс әуежайында ұсталды. Ол дәл сол сәтте ұшаққа отырғалы жатқан.

Жо Сан-Паулуға балаларына алимент төлемегені үшін айып тағылды.

Бұл — оның алиментке байланысты екінші рет ұсталып отырғаны. Өткен жылы да дәл осындай себеппен тұтқындалған болатын.

2023 жылдың мамырында да қамауға алынған, бірақ сот адвокаттарының өтінішін қанағаттандырып, келесі күні босатқан еді.

Жо кезінде Мәскеудің ЦСКА клубында ойнаған, Ресей Премьер-Лигасында өзін жақсы көрсеткен.

Сонымен қатар, Бразилия құрамасында да ойнап, Копа Америка мен Конфедерация кубогын жеңіп алған.

Соңғы уақытта футболшының аты алаңдағы емес, заң алдындағы мәселелермен жиі аталып жүр.

Тағы да оқыңыз