- Трент Александр-Арнольд «Реал Мадрид» футболшысы ретінде ресми түрде таныстырылды. Ол енді командада 12-нөмірлі жейде киеді.
• 26 жастағы ағылшын қорғаушысы «Ливерпульден» «Реалға» ауысты.
• Испанияда 66-нөмір рұқсат етілмегендіктен, ол 12-нөмірді таңдады — бұл нөмір бұған дейін Марсело мен Камавингада болған.
• Ең қызығы — ол жейдедегі есімін “Alexander-Arnold” емес, жай “Trent” деп өзгертті.
• Трансфер шамамен 10 миллион еуроға бағалануда.
• Келісімшарт 6 жылға, яғни 2031 жылға дейін жасалған.
