35 жастағы отандық маман Ринат Әлеуетов бірінші лигада өнер көрсететін павлодарлық «Ертісті» баптайтын болды. Бапкермен келісім-шарт 31 желтоқсанға дейін жазылған. Қазір керекулік ұжымның басты міндеті – Қазақстан премьер-лигасына шығу болып тұр. Сондықтан да «Ертіс» басшылығы бірінші лигада тәжірибесі мол маманға сенім артса керек. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Нұрдәулетовке клуб басшысы мен жергілікті әкімдік өкілдері сенімсіздік танытып, соғылып жатқан голдың аздығы үшін жұмыстан шығарған болатын. Соған қарамастан «Ертіс» Бірінші лигадағы лидерлік орынын бермей келе жатыр. Қазірдің өзінде 8 ойында 21 ұпай жинап үлгерді. Ал Ринат Әлеуетов командаға қандай өзгерістер еңгізе алады, басшылық талап етіп отырған голдар санын көбейте ала ма?. Ол жағы уақыттың еншісінде.
