Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Катар құрамасын жеңді.
1-топтағы оныншы турдың кездесуі Ташкентте өтіп, алаң иелерінің 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Өзбектер 28-минутта Азизбек Турғунбоевтың голынан кейін алға шықты.
85-минутта Элдор Шомуродов есепті еселеді, ал 92-минутта ҚПЛ клубтарында бұрын ойнаған Игорь Сергеевтың голынан кейін Катар құрамасы ойсырай жеңілді.
Осылайша, Өзбекстан 21 ұпай жинап, Иранды (20 ұпай) басып озып, өз тобында бірінші орын алды.
Еске салайық, алдыңғы турда БАӘ құрамасымен тең ойнағаннан кейін, Өзбекстан тарихында алғаш рет 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
