TENBILDOP
АПЛӘлем футболы

Бернарду Силва: Кевин Де Брёйне үшін Ағылшын Кубогын ұта алмағанымыз үшін өкінішті

Манчестер Сити ФК

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва Ағылшын Кубогының финалдық матчында «Кристал Пэластан» (0:1) жеңілісі жайлы пікір білдірді. Португалдық бұл трофейді жазда ұжымнан кететін «қалалықтардың» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне үшін ұтып алғысы келгенін айтты, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты. 

«Кевин үшін Кубок ала алмағанымызға өкінеміз. Біз оған трофей сыйлағымыз келді, ол әбден лайықты болғанымен, Кубок бізге бұйырмады.  Де Брёйнесіз жүлдені қалай ұтатынымызды елестете алмаймыз . Кевин менің жақын досым, оның клубтан кететіні өкінішті. Мен Кевиннің әлі бірнеше жылға қалатынына сенімді болдым, бірақ бұл өмір. Оған барлық жақсылықты тілеймін», — деп, BBC Силваның сөзін келтіреді .

Осыған дейін бельгиялық футболшыға «Ливерпуль» мен «Челсидің» қызығушылық танытқаны белгілі болған еді

Тағы да оқыңыз