Ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсететін алты клуб, Чемпиондар Лигасының келесі маусымына қатысады. АПЛ-нан бес ұжым қатысатын себебі, Англия осы маусым бойынша еурокубок рейтингісінде екінші орыннан түспейді. Осы себеппен, маусым соңында Ағылшын чемпионатында бесінші орын алған команда Чемпиондар Лигасының 2025/2026 маусымының іріктеу кезеңіне жолдама алады.
АПЛ-ден алтыншы клубы қатысатын себебі: Еуропа Лигасының финалында ағылшындық қос клуб кездеседі. «Манчестер Юнайтед» — «Тоттенхэм». Жеңімпаз Чемпиондар Лигасында ойнауға мүмкіндік алады. Алайда, қос клуб Ағылшын чемпионатының үздік бес клубы қатарына енуге мүлдем мүмкіндігінен айырылды.
